ЖАҚСЫЛЫҚ – ИГІЛІКТІҢ БАСТАУЫ

news image 16335 Жаңалықтар

Біздің дәстүрлі ислам дініміз де адамдарды мейірімділікке, бауырмалдылыққа, жақсылық жасауға үндейді. «Сұлтан Бейбарыс» мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев жақсылық – әлемге мейірін шашып, қуаныш сыйлауға ұмтылдыратын, жылуына бөлейтін, қоғамды адамгершілікке үндейтін асыл қасиет екендігін айтады.

– Мейірімділердің ең мейірімдісі Алла бір-біріне мейірімділік танытқан құлдарына есептеусіз береді және олардың бір-біріне қамқор болуларын тоқтатпайынша мейірімін жалғастыра береді. Сондай-ақ, Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдардың ең мейірімдісі болған және ол бізге қоғамда өзін-өзі ұстаудың, адамдармен қарым-қатынас жасаудың айқын үлгісін қалдырды. Ата-анаға жақсылық жасаумен қатар, туыстарға көмектесіп, туыстық байланысты сақтау ризықтың көбеюіне әсер ететінін Пайғамбарымыздың (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мына хадисынан байқауға болады: «Кім ризық-несібесінің көбеюін және ғұмырының ұзақ болуын қаласа, ағайын-туыстық қарым-қатынасын күшейтіп, оған қарайлассын» (Бұхари). Жақсылық күллі игіліктің түп бастауы болғандықтан, ол қашан да әлемге жылу сыйлайды. Өмірде кездесетін әртүрлі жағдайларда басқаларға зиян келтірмей, жақсы ой мен істің бірлігін сақтай отырып, байыпты шешім қабылдау жақсылықтың нышаны, – деді имам.

Қайырымды іс-шара дегенде алдымен мешіттердің ойға оралатыны рас. Алланың үйі үнемі ізгілікті істердің ұйытқысы болып келеді. Мәселен, өңірде ғибадат үйі жанынан жыл басынан бері 350 отбасыға азық-түлік таратылса, 7 жанұяға баспана табысталған.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз