Нұрлан Ноғаев: Халықпен өзара байланысты нығайтуға, ашықтыққа ұмтылғандары үшін әріптестеріме ризамын

IMG 20190426 WA0043 Жаңалықтар

Аtr.kz/26 сәуір, 2019 жыл. 26 сәуірде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жиналыс өткізіп, «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысын іске  асыру туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл жоба «Сыбайлас  жемқорлықтан ада өңірлер» республикалық жобасы аясында жүзеге асуда. Жобаның аймақтағы жетекшісі Айдана Балашева сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту, азаматтардың мемлекеттік билік институтына сенімін арттыру бойынша облыста атқарылған шаралар туралы баяндады. Жиналыста Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті мен Атырау мұнай және газ университетінің ректорлары жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары жайында  ақпарат берді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының баяндамасы да тыңдалды.

IMG 20190426 WA0042


Аймақ басшысы жобалық кеңсенің жұмысына оң баға берді және бүгінде тұрғындардан түскен өтінімдердің жедел түрде қаралып жүргенін атап өтті. Ол үшін байланыстың сан түрі қолданылуда – әлеуметтік желі, ашық есік күндері, брифингтер мен тікелей эфирлер өткізу.
-Азаматтарды қабылдау кезінде мен және менің әріптестерім ондаған адамдарды қабылдап, сұрақтары мен мәселелеріне заң шеңберінде жауап беріп жүрміз.
Telegram чатта барлық мемлекеттік органдардың басшылары тіркелген, 7 мыңға жуық адам бар. Әріптестерім осы чаттағы сауалдарға тәулік бойы жауап береді, кеңес береді,-деді Нұрлан Ноғаев. –Бұл оларға қосымша жүктеме, соған қарамастан әріптестерімнің халықпен ашық байланыс орнатуға деген ынталарына ризашылығымды білдіремін. Бұл Елбасы мен Қазақстан Президентінің тікелей тапсырмасы.

IMG 20190426 WA0041

Жиналысты қортындылаған облыс әкімі мемлекеттік құрылымдарға «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен алға қарай да тығыз байланыста болуды тапсырды. Мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, азаматтар мен бизнеске кедергісіз және қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік органдардың қызметтерінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін бұл байланыстың маңызы зор.

«Аtr – Ақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз