«Атырау – Орал» тағы бірнеше бағыттағы автотрассалар жабық тұр

1 16 Жаңалықтар

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты,   22 ақпан кешкі сағат 21:00-ден бері республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабық» деп хабарлайды Atr.kz

«Атырау – Орал , «Атырау – Доссор – Құлсары – Бейнеу» және облыстық маңызы бар «Атырау – Индер – Қарабау – Миялы – Сағыз» тас жолындағы қозғалысы уақытша тоқтатылды» делінген Атырау облыстық полиция департаменті таратқан мәліметте.

Бұған дейін Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті 22-23 ақпан аралығында Атырау аумағында екпіні 15-20 м/с болатын қатты жел мен боран соғатынын хабарлаған болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз