Жарнама
ЖаңалықтарИнфрақұрылым

Атырау облысында кәріз-тазарту стансасы салынады

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев пен облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов Астана қаласына жұмыс сапарымен барып, «тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-ның төрағасы Әділхан Өмірбаевпен кездесті. Онда облыстағы аудандардан кәріз-тазарту стансасын салу мәселесі талқыланды.

Қазіргі таңда Құрманғазы, Махамбет аудандарының орталықтарында, Құлсары қаласында, Индербор және Доссор кенттерінде кәріздік-тазарту желілерінің құрылысын салу үшін жобалау-сметалық құжаттамалары жасалып жатыр.

Индербор кентінде ескі болса да кәріз- тазарту стансасы бар. Соған жаңғырту жұмыстарын жасау үшін жобалық- сметалық құжаттамасы жасақталуда. Ал, түйткілді мәселе болып тұрған Доссор кентінде кәріз желілері тартылған. Енді кәріз-тазарту стансасын салу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы қайта жасақталуда. Исатай ауданының орталығында жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Елордаға сапар туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайыновтан кеңірек айтып беруін сұраған едік.

– Астанадағы орталыққа қандай жабдықтарды жүргізу тиімді болады, соны келісуге барғанбыз. Себебі, Қазақстаннан келісіммен өтетін жабдықтар санаулы. Оған «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ арқылы сараптама жасалады. Олардың келісімінсіз кез- келген жабдықты ала алмаймыз. Сол бойынша жобалаушыларды апарып, жобаларын түсіндіріп берулерін сұрадық. Бүгінде Жылыой ауданындағы кәріз- тазарту стансасының жобалық-сметалық құжаттамасында көрсетілген жабдықты енгізу бойынша сұрақтар туындап тұр, сол бойынша жұмыс жасалуда, — деді Н.Құсайынов.
Бүгінде облыс орталығының сол жақ бөлігіндегі кәріз-тазарту стансасы іске қосылған. Оң жак бөлігіндегі кәріз-тазарту стансасында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырмасымен қайта жаңғырту жұмыстары жасалып жатыр.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button