Елорда айналасындағы жасыл белдеу тәжірибесі бүкіл өңірге енгізілмек

0 Жаңалықтар

atr.kz/7 қыркүйек, 2020 жыл. Қазақстанда алдағы бес жылдың ішінде орманды алқаптың көлемі ұлғайтылады.

Мұндай мәліметті ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Телеграм-каналында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2030 жылға қарай елдегі орманшылық үлесі қазіргі 4,7%-дан 5%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы Жолдауында атап өткендей, 5 жыл ішінде орман қорында 2,0 млрд және елді мекендерде 15 млн түп ағаш отырғызылады», – делінген хабарламада.

Бұған қоса, елорданың айналасындағы жасыл белдеудің тәжірибесін бүкіл өңірлерге енгізу көзделіп отыр. Ал, Астана орманы 2023 жылға қарай бүгінгі 87,8 мың гектардан 100 гектарға жеткізіледі.


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз