Жарнама
ЖаңалықтарБілім

Атырау облысында 8 мектеп пен 11 балабақша салынып жатыр

Бұдн басқа, биыл 3 мектеп пен 6 балабақшаның құрылысы басталады. Оның ішінде, Атырау қаласы «Көктем» ықшам ауданындағы  160 орындық балабақша мен Индер ауданы Есбол ауылындағы 320 орындық мектептің құрылысы бар.

 «Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Құрылысы жүріп жатқан 8 балабақша және 5 мектеп биыл аяқталады. Нәтижесінде 3 170 бүлдіршін балабақшамен қамтылып, 4 мыңнан астам бала жаңа мектепке барады» деп атап өтті Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Атап өту керек, былтыр мектепке дейінгі 9 ұйым ашылып, 2 мектептің құрылысы аяқталды.  Нәтижесінде 1 360 сәби балабақшамен қамтылып, 1 апатты және 1 үш ауысымды мектептің мәселесі шешілді. Және өткен жылы облыс педагогтарының қатары 309 маманмен толықты.

Еске сала кетелік, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн форматта есеп беруде. Әкім есебі «Каспиан ньюс», «Атырау» каналдарында тікелей эфирде, atyrau.gov.kz сайты және әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында көрсетілуде.

Related Articles

One Comment

  1. С гордостью сообщаю, что на иллюстрации к тексту изображена Международная школа г.Атырау QSI. Это одно из престижных заведений области, существует более десяти лет. Средняя образовательная школа открыта для всех детей, желающих обучаться по международным стандартам на английском языке. По окончанию данного заведения выдаются дипломы (аттестаты) международного образца. Открываются возможности для поступления в ведущие образовательные заведения за рубежом. Наш сайт: atyrau@qsi.org

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button