Жарнама
БілімҚоғам

Жастықтың оты лаулап жанарымнан…

Биыл маңызы жағынан зор, тарихи кезеңге аяқ басып отырмыз. Елбасы күні кеше ғана 2019 жылды «Тәуелсіздік ұрпақтары» жылы, жастар жылы деп жариялады. Мағжан ақын айтқандай

«Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты» жастарға сенім артты. Бұған дейін Мемлекет басшысы жас өркенді елдің болашағы деп, үнемі ізденіске, оқу-білімге үндеп отыратын еді. Ендігі жерде Тәуелсіз елдің ұрпақтарының  мемлекетке пайдалы қызмет жасау үшін шешуші, батыл қадамға баратын кезі жетті. Қай мемлекет болмасын, әуелі демографиялық өсімге баса мән беріп, аға буынның соңынан еретін жас буынның денсаулығына, әлеуметтік жағдайы мен біліміне алаңдайтыны сөзсіз. Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өздерінің ізін басқан жас буынның білімді, тәрбиелі азамат болуына баса назар аударды. Сөйтіп, «Болашақ» бағдарламасы бойынша талантты, білімді, вундеркинд жастарды шетелдерге жіберді. Оның астарында дамыған елдерді көзімен көрсін, ой түйсін, шешім қабылдасын, Отанына шын мәніндегі патриот болып оралсын деген аталық тілек, философиялық түйін жатыр емес пе?!

IMG_5856-24-01-19-02-18

«Жас отау» бағдарламасы бойынша жастарды баспанамен қамтамасыз етудің жобасын жасақтау да Елбасының көреген саясатының бір көрінісі. Ал, 7-20-25 бағдарламасының өзі де —  жастарды қамқорлыққа алудың нағыз үлгісі. Ендігі жерде біздің де Қазақстан деген ең қымбатты, ың ыстық, ең асыл Отанымыздың шаңырағын ұстап тұратын уыққа айналар кезіміздің жеткенін білдіретін жастар жылы аясында да үлкен жобалар жүзеге аспақ. Олай болса, біз көтерер жүк ендігі жерде жеңіл болмауға тиісті. Өзім орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болғандықтан, Елбасы талмай айтып жүрген үш тілділіктің жүзеге асуына бар мүмкіндігім мен күшімді жұмсаймын деп сендіргім келеді.

Ардақ МАҒЗОМОВА,

жас ұстаз.  

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button