Жарнама
Жаңалықтар

Атырау облысында 431 азамат «қандас» мәртебесін алды

Өткен жылы аймаққа шет елдерден 346 отбасы 431 этникалық қазақ көшіп келіп, «қандас» мәртебесін алды. Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атап айтсақ, Өзбекстан Республикасынан 198 отбасы 264 адам, Қытай Халық Республикасынан 3 отбасы 4 адам, Ресей Федерациясынан 138 отбасы 152 адам, Түрікменстан Республикасынан 3 отбасы 6 адам, Монғолиядан 3 отбасы 4 адам және Украина Республикасынан 1 адам қоныс аударды.

Олардың ішінен 308 отбасы 381 адам Атырау қаласына, 20 отбасы 22 адам Жылыой ауданына, Исатай ауданына бір адам, Индер ауданына екі адам, Құрманғазы ауданына 10 отбасы 20 адам, Махамбет ауданына 1 адам және Мақат ауданына 4 адам барып, қоныстанды.

  • Облыста қандастарды уақытша орналастыру орталығы қызмет атқарады. Бүгінде тұрғын үй кезегінде 43, ал жұмыспен қамту орталықтарында 22 қандас жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр. Жұмыспен қамту орталықтарына үш қандас хабарласып, тұрақты жұмысқа орналасты. Жұмыссыздық есебінде тіркеуде тұрған төрт қандас «Бастау Бизнес» курсын оқып сертификат алды,- деді А.Мәмбетов.

Айта кетейік, өткен жылы еліміз бойынша 21 325 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған. Ал 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 128 мың 300 этникалық қазақ оралған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button