Жарнама
Жаңалықтар

Атырау облысына 30 тонна гуманитарлық көмек жетті

Гуманитарлық көмектің көп бөлігі Жылыой ауданының су басқан елді мекендеріне жіберілді. Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб хабарлады.
«30 тонна гуманитарлық көмек Атырау облысына арнайы рейспен жеткізілді. Су басқан елді мекендерден келген адамдар үшін бірінші қажеттіліктегі заттарды «Біз біргеміз» ұлттық қоры жөнелтті», — делінген ресми хабарламада.
Айта кету керек, Атырауға жеткен 30 тонна жүктің 22 тоннасы Жылыой ауданына, 2 тоннасы Теңіз вахталық кентінің эвакопункттеріне жіберілді, 6 тоннасы еріктілер штабының резервінде қалды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button