ЖаңалықтарЭкономика
Атырау облысы инвестиция тартудан көшбасшы атанды
Atr.kz/20-ақпан. Атырау облысы – инвестиция тартудан көшбасшы. Былтыр инвестиция көлемі 3 689,5 млрд. теңгеге жеткен. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.
Облыстық әкімдік аймақ экономикасына тікелей шетел инвестициясын тарту және өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізуде, — деп баяндады ол.
Бүгінде мұнайлы облыс 50-ден астам мемлекетпен тығыз қарым-қатынас орнатқан. 2018 жылы облысқа алыс-жақын шетелдерден бірнеше делегация өкілдері ресми іссапармен келгені – сөзімізге дәлел. Нәтижесінде, 1 мыңнан астам біріккен және шетел кәсіпорындары құрылып, жұмыс жасауда.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА.