Атырауда «Спутник V» вакцинасын алғаш болып аймақ басшылары салдырмақ

img 20210131 wa0048 COVID-19: Соңғы поштадан...

1 ақпаннан Қазақстанда Covid-19 қарсы Ресей Федерациясында өндірілген «Спутник V» вакцинасын егу науқаны басталады, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.

Атырау облысы бойынша алғашқылардың бірі болып облыс әкімінің орынбасары Хаменова Бақытгүл Қайыржанқызы, облыстық  Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байдуәлиев Асхан Мархабайұлы, облыстық Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Танауов Мәдениет Рашидұлы, облыстық онкологиялық диспансердің  директоры  Эльмира Сапарова, облыстық аурухана директоры Иманғалиев Ербол Зейноллаұлы алады.

Вакцинация 1 ақпанда сағат 10:00-де Атырау  қалалық №3 емханада өтеді. 

Бұған дейін, ресейлік Спутник V вакцинасының 1000 доза көлемінде  Атырау облысына келетінін хабарлаған болатынбыз. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз