COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Атырау облысы COVID-19-ға байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтті
Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің мәліметінше, Атырауға 26 қазан — 1 қараша аралығында шетелден Стамбул-Атырау, Амстердам-Атырау бағытында 3 әуе рейсі ұшып келді.
Халықаралық әуе рейспен барлығы 240 адам келді. Олардың 4-інде COVID-19 -ға ПТР-тест қорытындысы болмағандықтан карантиндік стационарларға жатқызылған.
Алайда, барлық жолаушылардан коронавирус жұқпасына сынама алынды. Зерттеу нәтижесінде жолаушылардың ешқайсысынан қауіпті инфекция анықталмағандықтан үйлеріне жіберілді.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.