Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырау облыстық сот төрағасы тұрғындарға Үндеу жариялады

Atr.kz/31 наурыз, 2020 жыл. Атырау облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Манат КОМИРШИНОВ тұрғындарға Үндеу жолдады.

Құрметті Атырау облысының тұрғындары, Сіздерге судьялар қауымдастығы атынан жүгінемін!

Өздеріңізге белгілі, Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 29 наурызындағы қаулысына сәйкес, 2020 жылдың 30 наурызынан бастап Атырау облысының аумағына карантин режимі енгізілді.

Облыс соттары «True Сonf» мобильді қосымшасы, басқа да мүмкін болатын бейнеконференцбайланыс құралдары арқылы онлайн режимінде істерді қарауды қамтамасыз етуге толықтай дайын. 

Осыған байланысты, сот ісін жүргізуге қатысушылардан сотқа өтініштерді қолма-қол әкеліп тапсырмауды, іс жүргізу құжаттары және басқа да  жүгіну түрлерін «Сот кабинеті» жүйесі арқылы жолдауды, өзіне және жақындарына инфекция жұқтырмау мақсатында соттарға барудан уақытша бас тартуды сұраймын.

Соттарға іске қатысушы тұлғалары көп күрделі істер бойынша іс жүргізу мерзімдері кейінге қалдырылуы мүмкін болатын болса, аталған істерді кейінге қалдыру ұсынылады. Ал процесті қашықтықтан өткізуге болатын өзге де істер бойынша соттар сот төрелігін қашықтықтан жүзеге асырады.

Сот процесіне қашықтықтан қатысуға ниет білдірген әрбір қатысушыға сотта тыңдалуға берілген конституциялық құқықты сақтауға сот кепілдік береді. Бұл ретте қашықтықтан қаралатын сот процестері аудио-бейне түсіру  жүйесіне тіркеледі, яғни сот отырысының электрондық хаттамасында толық көрсетіледі.

Бұл шаралар ең алдымен Сіздің қауіпсіздігіңізді, отбасыларыңыз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігін, соның ішінде сот жүйесі қызметкерлерінің қауіпсізідігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Соттарға жүгіну кезінде Жоғарғы Соттың сайтында көрсетілген «Онлайн татуласу» режимі арқылы, басқа да татуласу түрлері бойынша сотқа дейінгі татуласу шараларын қолдануды сұраймын.

Төтенше жағдай — соттасатын уақыт емес, керісінше татуласатын уақыт екенін барлық азаматтардың назарына аударуды қажет деп санаймын.

Елдегі төтенше жағдайды қолдану кезеңінде процессуалдық мерзімдерді өткізіп алған уақытта, соттармен олар «дәлелді» деп бағаланатынына назар аударамын. Демек, мұндай мерзімдер қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұзартылып, қалпына келтірілетін болады.

Біздің әрқайсымыз үшін соншалықты ауыр уақытта, төтенше жағдайда заңнамада белгіленген барлық талаптар мен ережелерді қатаң сақтауды сұраймын.

Осы уақытқа дейін облыс соттарымен төтенше жағдай кезінде талаптарды орындамағаны үшін 29-ға жуық әкімшілік істер қаралды. Кінәлі тұлғаларға айыппұл және қамау түрінде санкция қолданылды, субъектілер арасында шағын және орта бизнес, сондай-ақ қарапайым азаматтар бар. Мұндай құқық бұзушылықтарға қатаң шара қабылданады, осыған байланысты бекітілген барлық шектеулерді қатаң сақтауды сұраймын.

Облыс соттары адамның өмірі мен денсаулығы ең жоғарғы құндылық деп ерекше мән береді. Сондықтан біз қабылдаған шаралар азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығына қауіп-қатерді барынша азайтуға бағытталған.

Біз карантиндік шектеулерді барынша қатаң сақтасақ, елдегі қауіпті вирустың таралуын тоқтатамыз және қалыпты өмірге тез арада орала аламыз.

Манат КОМИРШИНОВ,

Атырау облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda%d2%93y-covid-19-zh%d2%b1%d2%9btyr%d2%93an-13-nau%d2%9basty%d2%a3-zha%d2%93dajy-t%d2%b1ra%d2%9bty/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button