Атыраулық тұрғынның үйінен жүзден астам киік мүйізі мен екі мылтық тәркіленді

210203114512379a3748679i Жаңалықтар

Атырау облысында 34 жастағы тұрғынның үйінен 106 киік мүйізі, заңсыз сақталған екі мылтық тәркіленді.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Құрманғазы ауданындағы Балқұдық ауылының 34 жастағы тұрғыны өз үйінде 106 киік мүйізі мен 2 тіркелмеген тегіс ұңғылы 2 аңшылық қаруды заңсыз сақтаған.

«Тексеру кезінде полицейлер ауыл тұрғыны түнгі мезгілінде «Yaqi» мотокөлігімен тыйым салынған киікті аңшылық қаруымен атып, мүйіздерін заңсыз иемденгені анықталды. Сондай-ақ, Балқұдық ауылының маңынан мүйіздері кесілген күйдегі киік жануарының төрт өлексесі табылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабы 3-бөлігімен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында мотоциклмен киік қуған тұрғын ұсталған болатын.

«Қазақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз