Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері баспаналы болды

kak pravilno kupit kvartiru 3 Жаңалықтар

Atr.kz/24 тамыз, 2020 жыл. Атырау мұнай өңдеу зауытының 100 қызметкері зауыттық бағдарлама аясында қоныс тойын тойламақшы.

Бүгінде көптен күткен Victory park тұрғын үй кешенінің кілттерін 8 отбасы иеленді. Абаттандырылған тұрғын үй иеленушілердің көпшілігі-инженерлік-техникалық құрамның білікті жас мамандары, олар өздерін жұмыста жақсы көрсете білді және өндірістің ағымдағы міндеттерін де, мұнай өңдеу және мұнай химиясын дамыту бойынша АМӨЗ үшін өзекті қызмет түрлерін де сәтті орындап жүрген қызметкерлер.

Жаңа қоныстың кілттерін интерактивті форматта «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма басшысы Ахметжан Есімов табыс етті.
Іс-шара осы жылдың қыркүйек айында тойланатын Атырау мұнай өңдеу зауытының 75 жылдығына орай ұштастырылған.
АМӨЗ-де білікті қызметкерлерді тарту және бекіту мақсатында корпоративтік тұрғын үй бағдарламасы жұмыс істейді, ол жас мамандар арасында да табысты іске асырылуда. Зауыт қызметкерлерінің 50% – ы жас мамандар болып келеді.

Қоныстанушылар көшкелі отырған тұрғын үй «комфорт плюс» категориясына сәйкес келеді. Ол қаланың ең көркем және экологиялық жағынан қолайлы бөлігінде – Жайық өзенінің жағасында, Жеңіс саябағы ауданында орналасқан. Жайлы 1-4 бөлмелі пәтердің ауданы 49,96-дан 124,34 шаршы метрге дейін.
Тұрғын үй кешенінің аумағында демалыс және салауатты өмір салты үшін сапалы инфрақұрылым құрылған. Балалар үшін аулада ойын және спорт алаңы орнатылған. Аулада жерасты тұрағы бар.

Жаңа пәтердің бақытты иелерінің бірі – ПАУ аға операциялық үйлестірушісі Абат Әбілқайыров.

  • – Зауыт басшылығына зор ризашылығымды білдіремін! Зауыт жас отбасыларды қолдайтын тұрғын үй бағдарламасын қолдануыма мүмкіндік туғызып отыр. Бұл толық қайтарыммен жұмыс істеуге, кәсіби тұрғыдан дамуға және қызметкерлердің өмір сүру сапасын жақсартқаны мен компанияға алғыс білдіру үшін тамаша ынталандыру деп білемін, – дейді ол.

««АМӨЗ» ЖШС-нің қоғаммен байланыс бөлімі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз