«Атырау» клубы қақпашымен келісімшартты неге бұзды?
Atr.kz/1 шілде, 2019 жыл. «Атырау» клубы мен қақпашы Александр Заруцкий арасындағы келісімшарт бұзды. Тараптар арасындағы даудың түйінін тарқатуға Қазақстан футболшылары кәсіподағы көмектескен.
«Атырау» клубы қақпашы Александр Заруцкий мен украиндық жартылай қорғаушы Сергей Загинайловтың қызметінен бас тартқан. Келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғанына қарамастан, клуб басшылығы оларға тиесілі өтемақыны төлетуден баст тартқан. Дауға Қазақстан футболшылары кәсіподағы мен спорттық құқық саласындағы «SILA Internationals Lawyers» заң компаниясы араласып, екі тарапты бір тоқтамға келтірді.
«Дау шешілді. Дәл қазір клуб басшылығына менің тарапымнан шағым жоқ. Арадағы келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғандықтан, олар маған өтемақы төледі. Осымен дау аяқталды», — дейді Александр Заруцкий.
Бапкерлер штабы бұл басшылықтың шешімі екенін айтып отыр.
«Маңыздысы бұл емес. Күштеп сүйкімді бола алмайсың ғой. Футболшының өмірінде мұндай оқиғалар болып тұрады. Ең бастысы, біз түсінісе алдық», — дейді ол.
Кәсіподақ басшысы Федор Симиниди бұл даудың оңды шешілуіне «Атырау» клубының басшылығы да мүдделі болғанын айтады.
«Атырау» клубының басшылығы бұл мәселені екі жаққа да тиімді етіп шешу үшін барлығын жасады. Александр Заруцкий қалағанын алды, оның барлық мүддесі қорғалды. Менің ойымша, жағдай дұрыс шешілді. Бұл қуантады.
Сондай-ақ, команданың басқа екі ойыншысы Сергей Загинайловпен де, Айбар Нұрыбековпен де бір тоқтамға келетін шығармыз. Клуб басшылығы барлығы дұрыс болғанын және сауатты шешілгенін қалап отыр», -дейді Федор Симиниди.
Дереккөз: «SPORTINFORM» САА