Атырау қаласының әкімшілік шекарасын өзгерту туралы қаулы қабылданды
Atr.kz/5 сәуір, 2019 жыл. Атырау қаласының әкімшілік шекарасын өзгерту туралы қаулы қабылданды.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабының 5) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Махамбет ауданының жалпы ауданы 7145 гектар жерлерінің бір бөлігін Атырау қаласының шегіне қосу жолымен Атырау қаласының әкімшілік шекарасын өзгерту туралы «Атырау облысы Атырау қаласы және Махамбет ауданының шекарасын өзгерту жөніндегі ұсыныс енгізу туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 қарашадағы №264-VI шешіміне және Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 қарашадағы №284 қаулысына келісім берілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | А.МАМИН |
Атырау облысы, Махамбет ауданы жерлерінің
Атырау қаласының шегіне қосылатын бөлігінің экспликациясы
Аудан атауы | Ауылдық округтің атауы | Атырау қаласының шегіне қосылатын жерлер алаңы (гектар) | Оның ішінде: | ||||
елдi мекендердiң жерлері | өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер | ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер | Су қорының жерлері | Босалқы жерлер | |||
Махамбет | Алмалы ауылдық округі | 7145 | 1066 | 331 | 4975 | 270 | 503 |
Барлық жерлер: | 7145 |