osobennosti pokupki kvartiry v astane

Елорда мен Елбасы егіз ұғым дейді ғалым Жанна Қыдыралина

Жаңалықтар

Atr.kz/25 наурыз, 2019 жыл. «Біз тарихи оқиғаның куәгері боп отырмыз» дейді тарих ғылымдарының докторы Жанна Қыдыралина.

Елордамыздың негізін қалаушы, оның архитекторы болған Тұңғыш Президентіміздің Астана қаласын салудағы еңбегі ұшан – теңіз. Бұл өзі тұрған тұтас тарихи құбылыс деп айтуға болады. Елбасымыздың бұл ерлігіне бүгінгі күні ешкім күмән келтірмейді.

IMG 20190325 WA0076

Бас қалаға Нұр-Сұлтан атауын беру өте орынды шешім болды.Әрине, жаңа атауға халықтың үйреніп кетуіне, оның халық санасына қалыптасып кетуіне біраз уақыт керек. Өзім 20 жылдай сол Президент жанындағы мемлекеттік қызмет академиясында қызмет еттім. Елордамыздың қалыптасуы жылдарында сол жерде болғанымды өзім мақтан тұтамын. Жаңа атау алған астанамыздың гүлдене беруін тілеймін» деді спикер Atr.kz-ге берген сұхбатында.

Еске сала кетелік, бүгін Атырау қаласындағы “Жайық” спорт кешенінде мерекелік концерт өтті. Бас қаламыздың атауының өзгеру құрметіне өткен салтанатты концертті Нұр Отан партиясы Атырау облыстық филиалы ұйымдастырды. Мерекелік концертте Ақылбек Жеменей, Тамара Асар, Айгүл Елшібаева сынды белгілі әншілер өнер көрсетті.

Мұратбек Жаңабай.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған