Атырау халықаралық әуежайының жұмысы жанданды
Аtr.kz/29 мамыр, 2020 жыл. Атырау халықаралық әуежайының жұмысы қайта жанданды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Айта кету керек, 23 наурыздан бастап еліміздегі әуежайлар әлемдегі пандемияға байланысты жұмыстарын уақытша тоқтатқан еді. Карантин кезінде тек чартерлік рейстер ұшты.
25 мамырдан бастап Атырау-Нұр-сұлтан, Атырау-Алматы бағытындағы әуе рейстері ашылды. Ал, 1 маусымнан бастап Атыраудан Қазақстанның барлық қалалаларына ұшақпен жетуге болады. Әуежайда санитарлық талаптарға сай арнайы дәліз жасалған.
«Әуежайда санитарлық талаптар қатаң сақталуда. Арнайы тоннель жасалды. Әрбір қызметкер қауіпсіздік мақсатында маскалармен, антисептиктермен, қолғаптармен қамтылған. Ең бастысы әлеуметтік арақашықтық сақталады. Қазір қалыпты жағдайда жұмыс жасаудамыз» деді «АТМА-АТЫРАУ ӘУЕЖАЙЫ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ» АҚ Бас директорының орынбасары Ферудин АРИФ.