«Атырау» газетіне жазылу жалғасуда…
Atr.kz/14 қараша, 2019 жыл. Аймақтағы ана тілінде шығатын бас басылымды бірнеше жылдан бері оқып келемін. Заман ағымына қарай аяқ алысы, материалдарды беру бағыты ұнайды…
Осы орайда облыстық қоғамдықсаяси «Атырау» газетінің өзім ғана оқырманы болмай, сонымен қатар мұқтаж 20 адамды жаздыруды міндетіме алдым. Қазір бұл бағыттағы шараны бастап та кеттім. Сөйтіп, келесі жылы бірнеше жылыойлықтың аға басылымды оқуын қамтамасыз етемін.
Сейітжан БАЛЖІГІТОВ,
«Достан-Ата» шаруа қожалығының жетекшісі,
Жылыой ауданы
***
Алдағы жылға облыстық «Атырау» газетіне жазылу жөнінде жарияланған Үндеуге үн қосуды жөн көрдім. Көздіқара ауылдық округіне қарасты «Бүйрек» участогінде төрт түлік өсіріп, нәсібін тауып отырған жандардың біріміз. Шағын ауыл болғанымен, мұндағылар облыс өмірінің айнасы – «Атырау» газетін жаздырып алдыруды берік дәстүрге айналдырған. Байырғы басылым оқырмандарының қатарын көбейтуге мен де көмегімді беремін.
Жолдас ҚАРАБАЛИН,
«Медет» шаруа қожалығының жетекшісі,
Қызылқоға ауданы
***
Белгілі кәсіпкер Төкен Танаұлының газетке жарияланған Үндеуін «Атыраулифт» ЖШС де қолдайды. Өңірімізде болып жатқан жаңалықтарды, өзекті мәселелерді дер кезінде жариялап отыратын газетке бір жылға қызметкерлеріміз түгелдей жазылып отыр.