Жаңалықтар
«Атырау» газеті Сенат сыйлығын иеленді
Бұл туралы ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев «Фейсбук» желісіндегі жеке парақшасында жазды.
«Атырау» газеті «Аманат» сыйлығының «БАҚ басылымындағы үздік жарияланым» номинациясының жеңімпазы атанды.
«Бүгін журналистер күніне орай, Парламент Сенаты ұйымдастырған «Аманат» байқауының жеңімпаздарын марапаттадық.
Қандай жағдай болса да, отандық журналистер кәсіби біліктіліктің биігінен көрініп, белсенділік танытып келеді» деп жазды Сенат спикері.
Еске сала кетелік, конкурсқа республика бойынша, 100-ге жуық материалдар келіп түскен.