Атырауда 5 жылдан бері іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды

0188d23d fb2e 45e6 a1ec 0fc7191a95f2 Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер 2018 жылдан бері іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады.

Атырау облысы аумағында заңсыз көші-қон фактілерін анықтау, тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған шетелдіктерді анықтау мақсатында 19-25 маусым аралығында республикалық «Заңсыз келуші-2023» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

«Іс-шара барысында Атырау қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері 2018 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 1981 жылғы Өзбекстан Республикасының азаматын анықтаған. Аталған шетел азаматы 2023 жылдың 3 маусымында Қазақстан шекарасына өтіп,жұмысқа орналасу үшін құжат тапсыруға Атырау қалалық көші-қон қызмет бөліміне келген. Кейін, полиция қызметкерлері 42 жастағы шетел азаматының жеке басын жан-жақты тексеру барысында аталған тұлғаның халықаралық іздеуде жүрген күдікті екендігі анықталған», – деді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өзбекстан Республикасының 1981 жылғы азаматы Ресей Федерациясының Қылмыстық Кодексінің 322-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасап, 2018 жылдан бері іздеуде жүрген.

Аталған факті бойынша қылмыскер ұсталып, криминалдық полиция басқармасына тапсырылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз