Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырау әуежайына «SCAT» ұшағы тағы да шұғыл қонды

Ресми мәліметке сүйенсек, «Атырау – Алматы» әуе бағытын орындауда ауа баптау жүйесінің индикациясы іске қосылып кеткені белгілі болды. Сондықтан әуе кемесінің командирі ұшып шығу портына қайта оралуға шешім қабылдаған.

«Қону штаттық режимде жүзеге асырылды. Жолаушылар үшін ұшып шығу таңғы уақытқа жоспарланды. Өзге қалалардың жолаушыларына тамақтану мен басқа да қажеттіліктермен қамтылған қонақүй қызметі ұсынылды. Біз үшін жолаушылардың қауіпсіздігі басты орында» деп хабарлады «SCAT» әуе компаниясының бұқарамен байланыс бөлімінің басшысы Виктория Старожилова.

«Boeing-737» ұшағы Атырау әуежайынан сағат 14:09-де ұшып кетті, қону уақыты – сағат 16:03.

Еске сала кетейік, 11 қарашада аталған кмопания ұшағы Атырау әуежайына шұғыл қонған болатын. Ұшақ ірі құстар тобына тап болды. Командир Иван Карповичтің кәсіби шеберлігі мен бірлескен командалық жұмыстың арқасында ұшақ сәтті қонды. Сонымен, бұл Атырауда «SCAT» ұшақтарымен болған бір апта ішіндегі екінші жағдай.

Қаршыға Көшеков

«ATPress.kz»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button