Биыл Атырауда 100 жас отбасы баспаналы болады

WhatsApp Image 2018 05 14 at 16.01.02 1 Қоғам

Биыл Атырауда 100 жас отбасы баспаналы болады. Көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы Нұрсая ықшам ауданында жүргізілуде, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-05-14 at 16.01.02 (1)

Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Құспанның айтуынша, аталған басқарма жастармен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Яғни, жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау білдіріп, жұмысқа орналасу мен тұрғын үй мәселелері бойынша да көмек көрсетуде.

Биылғы жылы бізде көптеген өзгеріс бар. Мәселен, студенттерге қоғамдық көлікте жүруге 50 пайыз жеңілдік берілді, бұған жергілікті бюджеттен 313,6 млн.теңге бөлінді. Сондай-ақ, биыл жазда «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 2 мың студент қамтылады, оларға 61 мың теңге көлемінде айлық төленеді деп жоспарлануда. Айта кету керек, алдағы шілде айында жас отбасыларға «Жас Отау» бағдарламасы бойынша 100 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі, – деді Роллан Құспан.

Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік жастар саясатын дамытуға тарту мақсатында белсенді жұмыс жүргізілуде. Қазірдің өзінде олар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында бірқатар жобаны жүзеге асырған. Олардың қатарында: студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту, облыстық Дельфий ойындарын ұйымдастыру, әлеуметтік осал және жағдайы төмен жастармен жұмыс жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру, бұқаралық спортты насихаттау және субмәдениет өкілдерінің әлеуетін арттыру, Астананың 20 жылдығына арналған іс-шаралар кешені бар.

Мұнайлы өңірде мемлекеттік бағдарламалар да қарқынды жүргізіліп жатыр.

– Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 32 жас маманға бюджеттік несие берілді, 125-і бір реттік әлеуметтік көмек алды. «2017-2021 жылдарға арналған бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту және өнімді жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша жұмыс орнымен 2419 жас, оның ішінде ауылдық жастардың 2020 өкілі қамтылды. Ал, «Бизнес Бастау» жобасымен 1325 адам кәсіпкерліктің негізін үйренді, оларға шағын несиелер берілді, – дейді Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Құспан.

Хорлан Смадияр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз