Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

«Атырау-Аққыстау-Құрманғазы-Д.Нұрпейісова» пойызы тамыздан бастап жүрмек

«Атырау-Д.Нұрпейсова» бағытында пойыз шығару көптен көтеріліп келе жатқан өткір мәселенің бірі.

«Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов те бұл проблеманы үнемі бақылауында ұстап, жылдамдатып шешуді тапсырған болатын. Облыстық мәслихат та бұл бағытта пойыз жүргізуді әлеуметтік маңызы бар іс-шара ретінде қолдады», делінген таратылған ақпаратта. 

Қазір облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тиісті жұмыстарға кірісіп, 13 шілдеде «Атырау-Аққыстау-Құрманғазы-Д.Нұрпейісова» бағытында теміржол көлігі арқылы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін ашық конкурс жарияланған.

— Конкурсқа қатысып, тасымалдаушы болғысы келетін 5 мекеменің құжаттары қабылданды. Қолданыстағы заңдарға сай,  конкурстық комиссияның отырысы өтіп, жеңімпаз анықталып, хаттама толтырылады. Содан кейін Басқарма мен мердігер мекеме арасында келісім-шарт жасақталады, – деді Ержан Төлек.  

Жолаушылар пойызы шамамен тамыз айында жүре бастайды деп жоспарланып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button