«ЕСІМІМ МАҒАН ҮЛКЕН МІНДЕТ ЖҮКТЕЙДІ…»

Ата-ана баласына тек жақсылық қана тілейтіні сөзсіз. Қазақтың дара туған ақын қызы Фаризаға ұқсасын деген тілекпен осы есімді маған таңдапты. Өсе келе ақын шығармаларын оқып, өлеңдерін жаттап өстім.

Ақындық – туабітті талант екені ақиқат. Поэзияны сүйіп, жырды жаттағаным болмаса, өлең жазу бақыты маған бұйырмапты. Алайда, музыкаға қабілетім болғандықтан, осы саланы таңдап, қазір Алматыдағы Қазақ ұлттық консерваториясында ән-хор бөлімінде дәріс алудамын.

Көңілім құлазыған сәтте де, алыстағы ауылымды сағынсам да, ақын апамның өлеңдерін оқысам, қанаттанып кетемін. Отты жырдан жаныма алау аламын.

Фариза АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ.

Жыланды ауылы,

Құрманғазы ауданы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз