Атырау қаласында XIV халықаралық «Жұлдыз-ай» балалар шығармашылығы фестивалі өтуде
Atr.kz/11 наурыз, 2019 жыл. Наурыздың бесінен бастап он күнге жоспарланған аталмыш байқаудың алғашқы кезеңі №22 орта мектепте ұйымдастырылды.
Биылғы Жастар жылы аясында қолға алған фестивалді өткізуге «ВI-Жұлдызай» корпоративтік қоры ұйытқы болды. Шарада өнерлі өрендер «вокал», «хореография», «қолөнер» «музыкалық аспаптарда ойнау» аталымдары бойынша сынға түсті. Байқауда барлығы он мектептен өнерлі оқушылар және «Өмір гүлі» мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық орталығынан 24 қатысушы бақ сынады. Нәтижесінде «вокал» номинациясында Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің оқушысы Рахым Құдышев және «Өмір гүлінің» мүшесі Ақбаян Бірән жеңіс тұғырынан көрінді. Ал, би номинациясында Данил Давыдов, Валентина Лызлова, Дамир Ғабитов, Рита Рушан, «Рокенролл» топтары жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ, «Өмір гүлінен» «Ақжайық» ансамблі аспаптарда ойнауда бақ сынап, бірінші орынға ие болды. Бұдан басқа, кішкентай өнерпаздар қолөнер бұйымдарын жасауда сынға түсіп, Ғ.Мүсірепов атындағы №5 орта мектебінен Айзада Асқарова әдемі әшекей бұйымдары үшін бірінші жүлдені иеленді. Жеңімпаздар дипломдар мен арнайы сыйлармен марапатталды.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА