Атырауда «Қайтпай сұлтан» мешіті ашылды

photo 2022 10 14 13 25 40 Қоғам

Атырау қаласы, Еркінқала ауылынан 500 орындық мешіт пайдалануға 14 қазанда берілді. Қайтпай Сұлтан деп аталған мешіт жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша салынған. Құрылыс жұмыстары 1 жыл 8 айға созылған мешітте ерлер және әйелдерге арналған намаз оқу залдары, дәрісханалар бар. Сондай-ақ, мешіт жанынан асхана, имам үйі де пайдалануға берілді.
Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігі төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров Атырау облысы бойынша 42-ші болып ашылып отырған ерекше дизайнмен салынған мешіттің іші жамағатқа толы болып, еліміздің игілігіне қызмет етер азаматтардың ортақ үйі болуына тілек білдірді.

Еске сала кетейік, Қайтпай сұлтан атамыз – қазаққа ортақ нар тұлға. Толық ныспысы (аты-жөні) әл-Әшраф Сейіт ад-Дин Қайтпай. 1416 (18) жылы Дешті Қыпшақ топырағында кіндігі кесілді. Қыпшақтың шеркеш руынан шықты.
Қайтпай сұлтан Мысыр мен Шамның (Сирия) мәмлүктерден шыққан он сегізінші сұлтаны (1468-1496 жыл­дар) болған.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз