Нақты тапсырмалар берілді

Облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімовтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және болдырмау шаралары бойынша құрылған облыстық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.

Мамыр айындағы нөсер жауындардың салдары және Құрманғазы ауданындағы су тасқыны жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) басшысы Сағынбек Өмірзақов баяндады.

– «Қазгидрометтің» осы айға арналған болжамында жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болатыны айтылған. Осы орайда ТЖД қала және аудан әкімдіктеріне Азаматтық қорғаудың мемлекеттік кіші жүйесі қызметін «Жоғары әзірлік режиміне» келтіру қажеттігі жөнінде ескерту жолдады. Алайда, бүгінгі күні Мақат пен Исатай аудан әкімдіктерінен басқалары бұл бағытта нақты жауаптарын әлі берген жоқ. Мамыр айының 1-17 күндері аралығында Атырау қаласында айлық нормадан төрт есе жоғары жауын мөлшері түскен. Соның салдарынан 300-ге жуық жеке үй мен шарбақ, үш мектеп пен екі балабақша, 17 көше су ортасында қалып, жеті жеке тұрғын үй қабырғалары құлады, – деді ол. Осыдан кейін Құрманғазы ауданының әкімі Бибоз Шаяхметовтің баяндамасы тыңдалды. Жиында айтылған ұсыныстар бойынша шұғыл шешімдер алу қажеттігі қаперге берілді.

А.САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз