Қазақстанда бір айда 74 млн долларға қандай көлік сатылған?

1456466538 vestablekedishn Жаңалықтар

«ҚазАвтоПром» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындарының одағы 2018 жылдың қаңтар айындағы жеңіл авто нарығының қорытындысын жариялады. Бұл туралы одақтың баспасөз қызметі хабарлады.

1456466538_vestablekedishn

2018 жылдың алғашқы айында 3,1 мыңнан астам автокөлік сатылған, бұл 2017 жылдың қаңтарындағы көрсеткіштен 36,5%-ке көбірек. Оның 1,8 мыңнан астамы импорт болса, 1,2 мыңнан астамы – қазақстандық зауыттардың өнімі. Қазақстандықтар жаңа жеңіл автокөліктер үшін 73,9 миллион доллар жұмсаған (43,2% өскен).

– Қаңтар айында қазақстандықтардың сұранысына ие болған брендтер арасында Lada көш бастап тұр: республика аумағында ресейлік марканың 785 данасы сатылған. Toyota көліктерінің 665 данасы өткен. Үшінші орында – 492 автокөлігі сатылған Ravon маркасы тұр. Көшбасшылардың бестігін Hyundai (237) және GAZ (150) түйіндейді. Сондай-ақ, табысты маркалардың үздік ондығына KIA (133), Nissan (106), UAZ (73), Lexus (69) және Volkswagen (58) енді, – делінген одақтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Келтірілген деректерге сәйкес, жеңіл автокөліктерді Алматы (745 автокөлік),  Астана (517), Қостанай (278), Атырау (258), Шымкент (220), Қарағанды (158), Орал (148), Ақтөбе (139), Өскемен (132) және Ақтау (122) тұрғындары сатып алған.

– Бұл динамиканың себебін ең алдымен, 2017 жылдың басындағы төмен базамен түсіндіруге болады. Одан бөлек, бұл көрсеткіштер мұнай бағасының өсуімен және теңгенің нығаюымен қалыптасып отыр. Дәл осы негізгі факторлар 2018 жылдағы сұраныс динамикасына әсер етеді. Сонымен бірге, отандық өндірушілердің де нығайып келе жатқанын байқауға болады – қаңтар айындағы сатып алушылардың 40 пайызы отандық автокөлікті таңдаған. Олардың желісі кеңейіп келеді және жеңілдікпен несие беру бағдарламасының қосымша қаржыландыруы қазақстандық автокөліктерді сатып алуға тиімді жағдай жасап отыр, – деп пікір білдірді ҚазАвтомПром төрағасы  Олег Алферов.

 

Шаһсұлтан БАҺАДҮР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз