Жарнама
Жаңалықтар

«АтырауСуАрнасы»: есігіңді қақпаймыз!

Өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен жүздескен «АтырауСуАрнасы» коммуналдық-мемлекеттік кәсіпорнының директоры   Андрей Ташлыков жаңа есептеу құралымен таныстырды. Артықшылығы – ауыз су көрсеткішін тексеретін мамандардың енді әркімнің есігін қақпай, керек мәліметін алыстан-ақ алатындығы. Бүгінде мұндай жабдықты шаһардағы жүз шақты адам қондырып үлгеріпті. Бес жыл кепілдік мерзімі бар құралды дайындаушы зауыт кәсіпорынға 13 мың теңгеден ұсынып отыр. Оның тағы бір ерекшелігі – ыстық және салқын суға да қондыруға болатындығы.Брифинг

Жалпы, ауыз суды тұтынушылардың 99 пайызы есептеу құралдарымен қамтамасыз етілген. Бұл бағытта туындап отырған аса күрделі проблема жоқ. Әйтсе де, әр тұрғын емес, тұтас елді мекен суды қанша тұтынып отыр? Міне, соны анықтау үшін алдағы уақытта Еркінқала, Жұмыскер тәрізді ауылдар ортақ есептеу жабдығымен жарақтандырылмақшы. Олар осы елді мекендердің кіреберісіне орнатылады.

Журналистер христиандар бейі-тіне ауыз су жеткізу проблемасы неден туындағанын сұрады. Сөйтсек, мәселенің мәнісі мұндағылардың шартқа отырмай, есептеу құралын орнатпай отырғандығында екен. Әбден ескірген құбырдан су далаға ағып жатыр. Ендеше, шығын мөлшерін де білу керек емес пе? Ал, мұсылмандар бейітінің басшылығы коммуналдық қызмет көрсетуші кәсіпорынмен келісімге келіп, заңға сәйкес жұмыс жасап жүр.

Ауыз су ақысын төлемеушілер де бар. Осындай адамдардың кесірінен 11 млн. теңге қарыз жиналған. Олардың аты-жөні мерзімдік баспасөзде жарияланады, құбырлары кесіліп жатыр. Бір қызығы – дау сотқа жетіп, шешім шыққанда әлгілердің қажетті қаражатты табатындығы. Ендеше, істі насырға шаптырмай,  мерзімінде неге төлемейді? Сондай-ақ, заңды тұлғалардан жинақталған борыш та баршылық. Мәселен, Балықшыдағы бу қазандығына байланысты «Таза құбыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 40 млн. теңге берешек. Қыруар қаржының қашан қайтары да белгісіз.

Кәсіпорын бес жылға құны 3 млрд. 140 млн. теңгелік инвестициялық бағдарлама қабылдады. Осы жоспарлы жұмыстың нәтижесінде электр энергиясын үнемдейтін бірнеше қондырғы қондырылды. Сөйтіп, жылына 6 млн. киловатт қуат үнемделді. Су тазалауға жергілікті өнім ретінде Индер тұзы тұтынылуда. Ескі құбырлар жаңартылуда. Биыл Ақжар, Ақсай мен Бірлік селоларындағы бұрынғы темір тұрбалар полиэтилен құбырларға жалғанады. Сайып келгенде, мұның бәрі орынсыз шығынға жол бермеу үшін жасалуда.

Меңдібай СҮМЕСІНОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button