Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық желіге видео жүктегені үшін жұмыстан заңсыз шығарылған

Атырау соты осы көктемде Қарабатандағы зауыттың зиянды шығарындылары туралы видеоны әлеуметтік желіге салғаны үшін жұмыстан шығарылған Тимур Қалиақпаров ісіне қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20170504082856

Жүк ілушілер бригадирі болып жұмыс жасайтын Тимур Қалиақпаров зауытта шыққан зиянды заттар туралы видеоны әлеуметтік желіге жүктеген. Содан кейін оның жұмыс берушісі «Атырау теміржол құрылысы» ЖШС оны жұмыстан шығарып жіберген.

«Соттың шешімімен «Атырау теміржол құрылысы» ЖШС жұмыстан шығару туралы бұйрығы заңыз болып танылды. Т. Қалиақпаров бұрынғы жұмысына оралды. Оның үстіне жұмыс беруші қызметкеріне жұмыстан шығарып жіберген кезең ішіндегі жалақысы мен адвокат шығындарын өтеуге міндеттелді», — делінген облыстық сот таратқан баспасөз парағында.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button