Жарнама
ЖаңалықтарМәдениет

Атыраулық қыз Тәуелсіздікке ән арнады (ВИДЕО)

Атырау қаласында тұратын 12 жасар Айша Құлбаева Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында өзінің орындаған әнінен бейнебаян шығарды.

Screenshot_2

Бейнетаспаға Қазақстанның астанасы Астана қаласы мен Атырау өңірінің көрікті жерлері түсірілген. Бұл бейнебаян жас ұрпақтың жүрегіндегі ұлттық патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікті паш етеді. Қазақ халқының кеңпейіл, дархандығы, ұлттардың достастығы, тыныштық пен бейбітшілік туралы ән орыс және қазақ тілдерінде орындалған, орындауға жеңіл, тыңдаған құлақтың құрышын қандырады. Осының өзі әннің жастардың арасына, сондай-ақ, қалың көпшілікке де кең тарауына ықпал ететіні сөзсіз.

Әні мен сөзін жазған – Айшаның әкесі. Құлсары қаласында туған Нұржан Құлбаев қазақстандықтарға деген өзінің ықыласы мен ілтипатын аталған туындыға сыйдыра білген.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button