Суда абай болыңыз!

  Суға шомылу маусымы кезінде қауіпсіздікті сақтау – өз өміріңді қорғаумен тең. Бұл ретте құзырлы органдар тарапынан рейд жұмыстары жүргізіліп, қауіпті аймақтарда суға түсуге болмайтыны ескертілсе де, бүгінгі жағдай көңіл көншітпейді.

  Облыстық төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімшесінің инженері, азаматтық қорғау капитаны А.Картимовадан білгеніміздей, барлық жүргізіліп жатқан іс-шараларға қарамастан, суға батып кету оқиғалары қайталануда.

  Дәлірек айтқанда, сегізінші шілде күні 21.03 сағатта Атырау қаласындағы «Шағала» қонақ үйінің тұсында суға түсуге тыйым салынған жерде оқыс оқиға орын алды. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары суға батып бара жатқан 1990 жылы туған Атырау қаласының тұрғынын қайғылы жағдайдан құтқарып қалды.

 Бүгінде жағажайдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, суда орын алатын оқиғалардың алдын алуға бағытталған жұмыстар әлі де жалғасуда.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз