Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулықтар суға 10 млн теңге қарыз

Атырау қаласының тұрғындары тұтынылған су үшін 10 миллионнан астам теңге қарыз.

02122859-Грязная-вода

Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында белгілі болғандай, бүгінгі күні «Атырау Су Арнасы» ЖШС-ның 985 қызметкері Атырау тұрғындарына және Мақат ауданының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Абоненттер саны 102 мың 503 адамды құрайды, оның 98 мың 574-і — жеке тұлғалар, 3 мың 929 — заңды тұлғалар. Бұл ретте тұрғындардың суды тұтыну қызметтеріне берешегі қазіргі уақытта 10 млн 363 мың 100 теңгені құраған.

«Атырау Су Арнасы» ЖШС директорының уақытша міндетін атқарушы Руслан Құрметовтың айтуынша, қазіргі таңда қала маңындағы кенттердің су құбыры желілеріне мәліметтерді жинау және беру үшін инженерлік терминалдары бар 75 есептеуіш құралын орнату жұмыстары жүргізілуде.

«Қазіргі таңда су құбыры желілеріне 40 есептеуіш құралы орнатылды. Енді 35-ін орнату қажет. Жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан басқа, Жұмыскер кентінде орналасқан су көтермелі сорғы стансасында Балауса ықшамауданы және Еркінқала, Еркінқала-2 ауылдарына берілетін судың қысымын көтеру үшін қосымша сорғы орнатылды», — деді Руслан Құрметов.

Сонымен қатар, кәріз коллекторларының — 1,094 шақырым, жылу желілерінің 1,1 шақырым апаттық бөліктері жөндеуден өтті. 145 су құбыры мен 147 кәріз құдықтарына да жөндеу жүргізілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button