Жас журналистер тиімді жолмен үй ала алады 

4867ac77 65a4 4d44 94a1 7201cbcd4d19 Жаңалықтар

Атырауда жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы бастауын алды. Онда 35 жасқа дейінгі журналистер де тиімді жолмен өз баспанасына қол жеткізе алады. Бүгін «Дүниежүзілік жинақтау күніне» арналған форум барысында «Атырау жастары» бағдарламасын жүзеге асыру үшін үшжақты келісімшартқа қол қойылды. 

Бұл бағдарламаға сондай-ақ, медицина, білім беру, мәдениет және спорт, жоғары оқу орны оқытушылары, әлеуметтік сала және коммуналдық мекеменің жас  қызметкерлері, «жетім бала» бағытымен кезекте тұрғандар қатыса алады. Осылайша, мұнайлы өлкеде 80-ге жуық отбасы оңтайлы жолмен өз пәтерне қол жеткізеді деп күтілуде. 

c17d866d 7b1a 4c3a 8739 2c67dd966cd3

Форум барысында белгілі болғандай, ипотекалық жолмен ұсынылатын пәтерлердің алғашқы жарнасы 10 пайызды,  жылдық мөлшерлеме 5 пайызды құрайды. Бағдарламаның талабына сай келетін қатысушы Атырау қаласында 18 млн.теңгеге, облыс аудандарынан 13 млн.теңгеге дейінгі сомада үй сатып ала алады. Ипотекалық несие 25 жылға дейінгі уақытқа беріледі. 

Бағдарламаның басты ерекшелігі, бұл жолы бұрын-соңды осындай бағдарламаға қатыса алмаған Қызылқоға ауданының жас отбасылары «Атырау жастарына» қатысып, аудан орталығы Миялы ауданынан үй алуға мүмкіндігі туады. Сонымен қатар, бағдарламаға қатысатын отбасы мүшелерінің бірінің соңғы алты айдағы табысы 235 551 теңгеден аспауы тиіс. 

–Бұл бағдарламаның іске асуына облыс әкімі Серік Шәпкенов те қолдау білдіріп отыр. Меніңше, «Атырау жастарының» жас отбасыларға тиімді тұстары көп әрі қолжетімді, – деді Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи. 

Атап айту керек, «Атырау жастары» өңір әкімдігі мен «Отбасы банкінің» бірлескен бағдарламасы. Оны іске асыру үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд.теңге, аталған қаржы ұйымынан 600 млн.теңге бөлініп отыр. 

Айбөпе САБЫРОВА 

Суретті түсірген: автор.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз