Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам

Атыраулықтар Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандарды құрметпен еске алды

Бүгін Атырауда Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай Жеңіс саябағында өткен Ұлы Отан соғысы боздақтарын еске алу шарасы кең көлемде аталып өтті. Бұл шараға 10 мыңнан астам тұрғын қатысты, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

32078893_458478024586869_5230444768302989312_o

Гүл шоқтарын қоюға арналған салтанатта облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жиналған жұртшылықты Ұлы Жеңіс күні мейрамымен құттықтады.

Атырау облысынан 43 мыңға жуық жауынгер соғысқа аттанды, 13 мыңы қайта оралмады. Қазір 3 мың тыл ардагері мен 30 соғыс ардагері ортамызда бар. Ерліктеріңізге құрметпен бас иеміз. Мемлекет басшысы айтқандай, әр отбасында соғыс салған із қалды. Сондықтан бұл күнді ұрпақтар жадында аталарымыздың, әкелеріміздің ерлігі, батырлығы қалуы үшін атап өтеміз, — деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

32145850_458478124586859_7388936726720282624_o

Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлы Хабиеваның айтуынша, Атырау облысында қазір 30 соғыс ардагері, 1 концлагерь тұтқыны, 1 хабарсыз кеткен соғысқа қатысушының жесірі бар. Жеңіс күніне орай Атырау облысындағы соғыс ардагерлерге 300 мың теңге берілген.  Сондай-ақ, жыл сайын демеушілер есебінен ардагерлер Қазақстан мен ТМД елдеріндегі шипажайларға барып емделуде.

32185892_458478031253535_3770711939898933248_o

Мәңгілік алауға гүл қою рәсіміне жалпы саны 10 мыңнан астам адам қатысты. Қаза тапқан ерлер рухына арнап, қарудан оқ ату рәсімі жүргізілді.

Хорлан Смадияр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button