Жарнама
ЖаңалықтарМәдениет

Атырауда «Алма» мерекесі өтті

Орыс халқында «Тамыз – жаздың жексенбісі» деген дана сөз бар екен. Бұл уақытта егін пісіп, елдің аузына тиеді. Осыған орай, жыл сайын славяндар «Яблочный  Спас» деген ежелгі мерекені атап өтеді. Биыл оны алғаш рет атыраулықтар да тойлады. 

Алғаш рет алма мерекесі-1

Сондай-ақ, «Пришел Спас – яблоко припас» деген де сөз бар. Мерекенің өзі бал (14 тамыз), алма (19 тамыз) және жаңғақ (29 тамыз) піскен уақыттың құрметіне орай бір айда үш рет тойланады. Шара Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарының ең көп жиналатын орны – ретросаябақта өтті. Саябақ сахнасында «Светоч» славян, «Татулық» татар-башқұрт, «Иверия» грузин этномәдени бірлестік белсенділері ұлттық әндерді шырқап, мың бұрала биледі. Оған көрермендер де қосыла кетті.

Сондай-ақ, жиналғандар арасында түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға алмалар үлестірілді. Осы орайда, бірлестік мүшелерінің бәрі де қоғамдық негізде қызмет ететінін айта кеткен жөн.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button