Атыраулық зиялы қауым өкілдері Елорда атауының өзгеруіне орай пікір білдірді (+ФОТО)

IMG 20190323 WA0063 Жаңалықтар

Atr.kz/23 наурыз, 2019 жыл. Еліміздің Тұңғыш Президенті қыркүйек айында Атырау қаласына келген жұмыс сапарында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне тиесілі 400 орындық Студентер үйін ашқан болатын.

IMG 20190323 WA0062

Бүгін, осы зәулім де әсем ғимараттың мәжіліс залында аталмыш оқу орнының оқытушы-профессорлары, ұстаздары, студенттері мен магистрантары жиналып, бас қаламыздың атауы өзгеруіне орай өз ой-пікірлерін ортаға салды.

EAC0641
IMG 20190323 WA0058

Кездесуде университеттің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Саламат Идрисов, филология ғылымдарының докторы, профессор, ақын Қадыр Жүсіп, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Шахман Нағымов, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жанна Қыдыралина сөз алып, Сарыарқа төрінде бой көтерген әсем де айбынды Астана қаласының өмірге келу тарихы және осы істің жүзеге асуына негізгі мұрындық болған Елбасының ерен еңбектері туралы айта келіп, елордамыздың атауы Нұр – Сұлтан  болып өзгертілуін құптайтындықтарын жеткізді.

EAC0646
IMG 20190323 WA0056

Жанат Әбдіқаймова, Нұрила Кеңес, Ертас Рүстембаев сынды университет студенттері бас қаламыздың атауының өзгеруін тарихи әділеттілік деп атады.

Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

IMG 20190323 WA0057
EAC0684
Фото – Ерлан АЛТЫБАЕВ

IMG 20190323 WA0055
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз