Атыраулық оқушылар Елордаға аттанды (ФОТО)
Атырау қаласындағы әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы жанұядан шыққан, сондай-ақ, үлгерімі үздік 40 оқушы Астана қаласына демалысқа аттанды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриялды–инновациялық даму басқармасының бастамасымен бұл шара жыл сайын тәуелсіздік күні мерекесіне орай ұйымдастырылады.
«Бүгінгі күн-біз үшін өте қуанышты күн. Біздің оқушыларға осындай мүмкіндік беріп отырған Кәсіпкерлік және индустриялды–инновациялық даму басқармасының басшылығына алғысымызды айтамыз. Бұл шара әрі қарай да жалғасын табады деп ойлаймын»,-деді Атырау қалалық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Жұмазия Бозайқызы.
«Астана қаласына бара жатқаныма қүаныштымын. Осы шараның ұйымдастырушыларына көп-көп алғысымды білдіремін»,-дейді Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің оқушысы Мәжит Нұрайна.
Айта кетейік, оқушылар 3 күн бойы Астана қаласының мұражайларына экскурсия жасап, Елорданың көрікті жерлерін аралайды, сәулетімен танысады деп жоспарлануда.
Айқара Ғұмар