Атыраулық оқушы кубикті 12 секунд ішінде құрастырып шықты (+ФОТО)

20190115080448 Білім

Атырау қаласындағы мектептерде кубик-рубик текшесін құрастыру жаппай енгізілуі мүмкін. Бұл туралы рубикті жылдамдыққа құрудан өткен аймақтағы бірінші чемпионатта «Кazakhstan speedcubing federation» қауымдастығының басшысы Арман Мәшімов мәлімдеді.

20190115080448

Бүгінде өзге аймақтарда қолға алынған зияткерлік ойынның бұл түріне сұраныс артуда. Бұл – әлемде спидкубинг жүйрік ойлау мен шапшаң шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыратын шахмат, робототехникамен қатар оқытылатын қосымша білім берудің бір түрі. «Спидкубингті мектептерге енгізу үшін біз Білім және ғылым министрлігіне ұсыныстар жасадық. Алдағы уақытта  ұсынысымыз оң шешімін тапса, мыңдаған қазақстандық балалар үшін рубикті жылдамдыққа құрастыру және халықаралық чемпионаттарға қатысу мүмкіндігі артады»  деді А.Мәшімов.

СПИДКУБИНГ - второй день (2) СПИДКУБИНГ - начало чемпионата (18) СПИДКУБИНГ - начало чемпионата (19) СПИДКУБИНГ - Регистрация, открытие и инструктаж (7) СПИДКУБИНГ - Регистрация, открытие и инструктаж (35) СПИДКУБИНГ - Регистрация, открытие и инструктаж (39) Финал и награждение (2) Финал и награждение (3) Финал и награждение (5) Финал и награждение (6) Финал и награждение (7) Финал и награждение (12) Финал и награждение (33) Финал и награждение (36) Финал и награждение (38) Финал и награждение (140) Финал и награждение (179) Финал и награждение (180)

Атырауда екі күнге созылған жарысқа қатысуға 60-тан астам оқушы ниет білдірді. Рубик бірлігін уақытқа құрудан Семей, Алматы, Шымкент және Ақтөбе облыстарынан дарынды жастар жиналды. Сондай-ақ, Украинадан тәуелсіз сарапшылар қатысып, қазылық етті. Зияткерлік додада жаңа рекордтар мен есімдер анықталды. Атыраулық Досымжан Жұмабиденов «көзді жабық күйде жинау» сынында түрлі түсті текшені 60 қатысушының арасында бір өзі дұрыс орындап шықты. Ал, 3х3 негізгі категория бойынша ІІІ орын Самалбек Келімовке, ІІ орын Әмірхан Исламовқа бұйырды. Сайыстың кубогы мен І орынды атыраулық Әзиз Олжағали жеңіп алды. Ол күрделенген рубик текшесін бар болғаны 12 секундта құрастырып, көрермендерді тәнті етті. Ал, ең кішкентай қатысушы облыс орталығындағы №34 мектеп-гимназиясының сегіз жасар оқушысы Диас Қарағұл үшін мұндай сында алғаш рет бақ сынау үлкен жетістік болды.

Әнуар ЖАМАНҚҰЛОВ,

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы

Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы.

Степан ДЖУРИЛО,

WCA қауымдастығының Украинадағы өкілі:

– Бұл – менің Қазақстанға алғаш рет келуім. Мұнда рубикті құрастыру қарқынды дамып келеді. Осыдан бес, он жыл бұрын федерация бөлімшелері тек Астана мен Алматы қалаларында болған. Қазір елдің барлық аймақтарында KSF өкілдері жұмыс істейді. Бұл мемлекеттің жастарға, олардың болашағына жасап отырған алғы бастамасы. Өйткені, менің байқағанымдай, Қазақстанда мықты спидкуберлер жыл сайын артып келеді. Ал, Атыраудағы чемпионатқа келер болсақ, мұндағы қатысушылардың басым бөлігін, яғни,  90 пайызын жасөспірімдер құрады. Бұл балалар үшін алғашқы тәжірибе болмақ.

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз