Жарнама
Жаңалықтар

Медициналық сақтандыру жарналары неліктен қайтарылады?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жекелеген қызметкерлер үшін МӘМС төлемдерін қайтару бойынша жұмыс берушілерден өтініштер жиі кел келіп түседі, олардың ішінде жоғарғы оқу орындары мен арнайы орта оқу орындарының студенттері де бар.

227329219 2015328611969398 8224465392333043406 n
228066018 2015328521969407 7454742811508340183 n

«Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап жұмыс берушілер мен қызметкерлер тарапынан кейбір жекелеген қызметкерлердің білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімдерінің студенттері қатарында болуы себепті МӘМС жүйесіне аударымдар мен жарналардың өтпей қайтып келуіне байланысты шағымдардың ұлғайып отырғандығы байқалды» – деп тоқталды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Б. Ғазизов.
Күндізгі оқу бөлімдерінде білім алатын студенттер 15 жеңілдік санаттардың біріне кіреді, сәйкесінше Қорға жарналар мемлекет тарапынан төленеді.
Сондықтан, жұмыс берушілер студент-жұмыскерлер үшін медициналық сақтандыру төлемдерін төлеуден босатылған. Жарналардан жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген студенттер де босатылады.  Дәл осы себептен жеңілдік санатына жататын азаматтар үшін МӘМС жарналары мен аударымдары қайтарылады.

229540544 2015328698636056 8332775684322726560 n

Жеңілдік санатына жататын азаматтардың тізімін кім және қалай жасайды?
 

Студенттердің тізімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесінен алынған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінің деректері негізінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қалыптастырады. Бұдан әрі тізім студенттерге жеңілдік ретінде МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін беру үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына беріледі.
Айта кетейік, Қор азаматтардың әлеуметтік мәртебесін анықтамайды және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесіне түзетулер енгізуге құқылы емес.

Студент болып саналмайтын қызметкер үшін төлем қайтарылған жағдайда не істеу керек?

Оны 2021 жылы оқуын аяқтаған азаматтар тізімінен шығару керек. Ол үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім беруді цифрлық трансформациялау департаментіне немесе өзінің оқу орнына жүгіну қажет.

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button