Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атыраулық каратэші Әбілмансұр Батырғали Азия чемпионы атанды

Атыраулық каратэші Әбілмансұр Батырғали Азия чемпионы атанды. Жеңімпазды бүгін Атырау халықаралық әуежайында спортшыны жақын туыстары, достары салтанатты түрде күтіп алды, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-05-16 at 11.32.03

«Қайсар» спорт клубының тәрбиеленушісі Әбілмансұр Батырғали жапондық Окинава аралында каратэ-додан ересектер мен жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатына қатысты. Азия чемпинатына әр түрлі мемлекеттен 700-ге жуық спортшы қатысты. Жарыста әлем және Азия чемпионатының жүлдегерлері де бақ сынады.

17 жасар атыраулық Әбілмансұр Батырғали 68 кг дейінгі салмақ дәрежесінде және «юниоры» жас санатында сынға түсті. Спортшы 4 кездесу өткізіп, Шри-Ланка, Өзбекстан, Таиланд және Ирандық қарсыластарынан басып түсіп, Азия чемпионы атанды.

Ең қиын кездесу финалда ирандық спортшымен болды. Барлығына белгілі, Иранда барлық жекпе-жек түрлері жақсы дамыған, қарсыласым өте жақсы дайындалған, сондықтан біз соңына дейін бірдей ұпайда болдық. Бірақ, маған жеңіс бұйырды, — дейді Әбілмансұр Батырғали.

WhatsApp Image 2018-05-16 at 11.32.00

Жаттықтырушы Сансызбай Торғаевтың айтуынша, жарыс жасөспірімдерге бұдан да жоғары деңгейдегі жарыстарға жолдама болды.

Алдағы уақытта Әбілмансұр Болгарияда өтетін жастар арасындағы халықаралық деңгейдегі жарысқа қатысады. Онда жеңген спортшы Аргентинадағы Буэнос-Айрес қаласындағы жастар Олимпиадасына жолдама алады, — дейді Сансызбай Торғаев.

Айта кетейік, 17 жаса Әбілмансұр Батырғали өткен жылы Астанада өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Сол жылы каратэ-додан Әлем кубогінің иегері болды. Ал қазір спорт шеберіне үміткер.

Хорлан Смадияр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button