ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғамҚұқық
Атыраулық азамат әкесін сотқа берді
Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында азамат С.А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, 2018 жылдың қаңтар айында құқықбұзушы С.А. Еңбекші ауылдық округіне қарасты Қадыр ауылында орналасқан үйінде ұлы С.Н.-ны балағаттаған.
Сотта әке мен бала өздерінің кәсіпқой емес медиатор арқылы татуласқандарын көрсетті.
Сот тараптардың медиация арқылы татуласуына байланысты әкімшілік істі өндірістен қысқартып, С.А.-ны жауапкершіліктен босатты.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Айқара Ғұмар