АТЫРАУДА TEDX ФОРМАТЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

d604e396 307b 4b8c 935e 2b499614508f Қоғам

Атырау облысы Жастар саясаты басқармасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, жастармен «Номер жетінші спикер» атты TEDx форматында мотивациялық кеш  ұйымдастырды.

Аталған іс-шараның мақсаты өз еліне адал және парасатты қызмет ету, жастардың дамуына жәрдемдесу, сондай-ақ жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету болып табылады.

9e600b2c 08be 4109 bc40 27b828ad985f

Спикерлер ретінде жастарға өзінің еңбек жолымен үлгі бола алатын, мотивациялық ойларды жеткізе алатын тұлғалар шақырылды. Олар:

Қ. Оразалиев – Пекин технологиялық университетінің доктаранты, халықаралық ғылыми мақалалардың авторы, физика пәні бойынша халықаралық олимпиада жеңімпазы,  С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің проректоры; 

Ж.Шаманов – Kiberone халықаралық бағдарламалау мектебінің директоры, жеке кәсіпкер, экология жанашыры, қоғам белсендісі;

Е. Шыныбеков – Стамбул техникалық университетінің түлегі, «ATYRAU ATHLETICS OQYRMAN»,  «EXSPEDITION CLUB INVESTRUMENT» клубтарының негізін қалаушы,  «Қаржы сауаттылығы және инвестиция бойынша» сабақ береді, ментор, инвестор;

А. Мамыт – Пекин қаласы халықаралық сауда және экономика университетінің түлегі, Қытай даму банкі степендиясының иегері,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары.

Шара еркін форматта өтіп, әр спикерге берілген тақырыпта ойлар жастармен бірге талқыланды. Спикерлер де өз саласында белгілі бір жетістіктерді бағындырып, жауапты қызмет атқарып отырғаны белгілі. Сондықтан да айтары бар, жастарға берері мол кездесу болды.

Қатысушылар спикерлерге көкейкесті сауалдарын қойып, шара сұрақ-жауап форматындағы еркін сұхбат түрінде жалғасты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз