Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам

Атыраулық атлет – Қалмақ қырында (ФОТО)

Қалмақ республикасының Элиста қаласында осымен екінші рет жеңіл атлетикадан 500, 3000, 5000, 10000 және 21000 метр қашықтыққа жүгіруден «Рануралан» жарысы өтті. Бұл атау «алға жүгіру» деген ұғымды білдіреді.

калмыкия (3)

Оған Мәскеу, Санкт-Петербор, Ставрополь, Новочеркасск, Чита, Дондағы Ростов, Пятигорск, Краснодар, Сочи, Волгоград, Армавир, Астрахань және Қазақстаннан келген барлығы 643 спортшы қатысты. Олардың ішінде 50-59 жас аралығындағы спортшылармен бірге 10 мың метр қашықтыққа жүгірген Атырау мұнай және газ университетінің профессоры Асқар Қазиев те бар. Атыраулық атлеттің жасы алпысқа таяса да әлі тың.

калмыкия (2)

Өз кезегінде, Калмыкияның спорт және жастар комитетінің министрі Дмитрий Щикеев, Атырау мұнай және газ университеті кәсіподақ ұйымының төрайымы Ардақ Жүсіпқалиеваға жеке ризашылығын білдірді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері мақтау қағаздарымен, медальдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

калмыкия (4)

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button