Махамбет Досмұхамбетов жұмыс сапарымен Жылыойға барды (+ФОТО)

whatsapp image 2020 11 09 at 11.37.47 Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жұмыс сапарымен Жылыой ауданында болып, әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысып, болжанып отырған коронавирустың екінші толқынына дайындықты пысықтады.

Махамбет Досмұхамбетов алдымен аудандық орталық емханаға барып, болжанып отырған COVID-19-дың екінші толқынына дайындықты пысықтады. 122 дәрігер және 435 орта буын медицина қызметкері жұмыс істейтін емхана ауысымына 1250 науқасқа дейін қабылдайды. Дәрігерлердің дайындығын қарап, қоймадағы дәрі-дәрмектер мен бір реттік қорғаныш құралдары қорын тексеріп шықты.

«Сіздерге қауіпті инфекциямен күресте көрсеткен ерліктеріңіз үшін арнайы алғысымды білдіремін. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, әзірлік жұмыстарын қарап шықтым. Тиісті дайындық жұмыстары жасалып, қорғаныш құралдары мен дәрі-дәрмек қоры жеткілікті деңгейде жасақталғанын көрдім. COVID-19 қазір көптеген елдерді қиын жағдайға қалдырғанын көріп отырмыз. Сондықтан әрқашан дайын болуымыз керек. Аудандарға кез келген уақытта көмек көрсетуге әзірміз»,- деді аймақ басшысы дәрігерлермен тілдесу кезінде.

Екінші толқынға дайындықты тексеріп болған соң аймақ басшысы аудан әкімі Хәлел Жамаловқа бірқатар нақты тапсырмалар берді. Маска режимі мен әлеуметтік ара қашықтықты сақтауды күшейтуді тапсырды. Халықтың той-томалақтан аулақ болып, қауіпсіздікті арттыруы үшін түсіндіру жұмыстары мен мобильдік топтар рейдін жандандыруды жүктеді.

«Біз үшін әрбір азаматтың денсаулығы мен қауіпсіздігі маңызды. Тұрғындарымыз жаздағы қиын ахуалды ұмытпай, сақтықты қайтадан күшейтуі керек. Өзінің және айналасындағы туған-туыстары үшін жауапты екенін бір сәт те естен шығармағаны абзал»,-деді облыс басшысы.

Бұдан кейін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Құлсары қаласындағы күрделі жөндеуден өткен №16 Д.Жазықбаев атындағы орта мектепке аялдады. 754 орындық білім ордасына «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп, біраз адамға жұмыс берілген. Аудан басшысының айтуынша, қиындықтарға қарамастан, экономиканың барлық салаларында екі мыңнан астам жұмыс орны ашылған.

Ірі мұнай өнеркәсібі орналасқан Жылой ауданының 84 мыңға жуық халқының 62 мыңы аудан орталығы Құлсары қаласында тұрады.
Аймақ басшысы одан ары аталған қаладағы «Теңізшевройл» ЖШС компаниясы демеушілігімен “Игілік” бағдарламасы аясында саланып жатқан бірқатар әлеуметтік нысандарды қарап шықты.

Заманауи типтегі 275 орындық аудандық орталық аурухана құрылысымен танысты. Ең соңғы медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталатын мекеме желтоқсан айында ел игілігіне берілмек.

Өңір басшысы Құрсай өзенін тереңдету және абаттандырудың жәй-күйін көрді. Мұнда Қамыскөлден шығар бетте арнайы көпір салынып, өзен жағалауына төсем тас төселіп, ою-өрнектермен әрленген. Жағалау бойына жарық шамдар, орындықтар және қоқыс жәшіктері орнатылып, қаланың көрікті орындарының біріне айналмақ.

Ал Құлсарыдағы трибуналы 3000 орындық орталық стадионның құрылысы келер жылы басталып, 2022 жылы аяқталады. Спорт зал мен бассейн салу да жоспарланған нысан аумағын абаттандыру мен көгалдандыру қарастырылған.

“Игілік” бағдарламасы аясында салынып жатқан тағы бір әлеуметтік нысан — қаладағы 580 орындық №6 жаңа мектеп құрылысы келер жылы аяқталады.

Облыс басшысы Махамбет Досмұхамбетов мердігер компаниялар мен демеушілерге әлеуметтік маңызды нысандардың сапалы салынып, уақытылы тапсырылуы қатаң қадағалауда болатынын ескертті.

Өз кезегіне «Теңізшевройл» компаниясының бас директоры Имер Боннер “Жылыой ауданы әсіресе, Құлсары қаласы біз үшін өте маңызды. Өндіріс орнымыздың орналасқан жері ғана емес, көптеген қызметкерлеріміздің туған өлкесі. Сондықтан ауданға әрдайым инвестиция құюға тырысамыз. Бірнеше жылдан бері Жылыой ауданындағы “Игілік” бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келе жатқан әлеуметтік инфрақұрылым жобаларын қолдап келеміз. Жобалар аяқталып, әлеуметтік нысандардың игілігін Құлсары тұрғындары көре бастайтын күнді асыға күтудеміз”,-деді.

Бұдан кейін аймақ басшысы «Теңізшевройл» компаниясы басшылығымен арнайы жиын өткізді. Онда келер жылы жұмыс орындары санын арттыру, жергілікті кадрларға басымдық беру, сондай-ақ әлеуметтік нысандар құрылысын жалғастыру мәселелері қаралды.

Айта кетелік, бұл облыс басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің Жылыой ауданына биыл жасап отырған бесінші сапары. Өзге алты ауданның әрқайсысына жыл басталғалы екі реттен барып, әлеуметтік-экономикалық ахуалымен танысып, халықтың тұрмыс-тіршілігін өз көзімен көрген болатын.

«Атырау облыстық коммуникациялар қызметі»

whatsapp image 2020 11 09 at 11.37.39 1
whatsapp image 2020 11 09 at 11.37.40 1
whatsapp image 2020 11 09 at 11.37.39
whatsapp image 2020 11 09 at 11.37.40
whatsapp image 2020 11 09 at 11.37.41 1
whatsapp image 2020 11 09 at 11.37.38 1
whatsapp image 2020 11 09 at 11.37.41
whatsapp image 2020 11 09 at 11.37.42 1
whatsapp image 2020 11 09 at 11.37.42
whatsapp image 2020 11 09 at 11.37.42 2
whatsapp image 2020 11 09 at 11.37.43
whatsapp image 2020 11 09 at 11.37.43 1
whatsapp image 2020 11 09 at 11.37.44 1
whatsapp image 2020 11 09 at 11.37.44
whatsapp image 2020 11 09 at 11.37.44 2
whatsapp image 2020 11 09 at 11.37.45 1
whatsapp image 2020 11 09 at 11.37.45
whatsapp image 2020 11 09 at 11.37.46 1
whatsapp image 2020 11 09 at 11.37.46
whatsapp image 2020 11 09 at 11.37.47 1
whatsapp image 2020 11 09 at 11.37.48
whatsapp image 2020 11 09 at 11.37.46 2
whatsapp image 2020 11 09 at 11.37.48 1 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз