ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғамҚұқық
Атыраудың бір ауданында азамат марихуана сақтап келген
Атырау облысы, Махамбет ауданында заңсыз есірткі затын сақтап келген азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы редакциямызға аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Атырау облыстық ІІД-нің қызметкерлерімен шұғыл іздестіру шараларын жүргізу барысында Махамбет ауылы аумағында 2 куәнің қатысуымен, сотталушы С.М. ұсталған. Оны жеке тінту кезінде шалбарының қалтасынан пакетке оралған кептірілген марихуана, одан бөлек, тұрғын үйін қарау барысында, шкафтың ішінен банкіге салынған және өзінің жатын бөлмесіндегі матрастың астынан қағазға оралған марихуана табылған.
Сот С.М-ның шын жүректен өкінгенін ескеріп, оған 56 725 теңге айыппұл салды.
Баян СҮЙЕУОВА