Атырауда өзін-өзі өртемек болған прокурордың көмекшісі мәлімдеме жасады
Атырауда өзін өртеп өлмек болған прокурордың көмекшісі Лейла Смадьярова мәлімдеме жасады деп хабарлайды КТК арнасы.
Өзін-өзі өртеп, кінәсіздігін дәлелдемек болған Атырау облысы прокурорының экс-көмекшісі Ләйлә Смадиярованы бұрынғы әріптестері аяр емес. Олар тіпті денесі күйіп, жансақтау бөлімінде жатқан Смадиярова қашып кетеді деп қорықса керек, үйқамақтан тергеу абақтысына жіберу туралы сотқа өтініш берген. Судья да бірден келісіпті. Сондықтан, Ләйлә Смадиярова қазір ауруханадағы арнайы палатада қырағы күзетпен жатыр. Бүгінгі сот отырысына да сол жақтан жеткізілді.
Пара алды деп ұсталған экс-прокурордың өзі тағылған айыптарды жоққа шығаруда. Ешқандай айғақ жоқ деген Смадиярова, тергеудің де біржақты жүргізілгенін айтады.
Прокурордың экс-көмекшісі өткен жылдың тамызынан бері үйқамақта отыр. Тағылған айып та жеңіл емес. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, ол Атыраудағы әйелдер түрмесінің қызметкерлерінен жүйелі түрде ақша бопсалаған.
Мұны жала деген келіншек, өткен аптада өзін өртеп қарсылық танытқан болатын. Ал, өткен жылдың қазан айында басталған сот процесіне осы аптада нүкте қойылуы мүмкін.
«Қолдарында аудио-видео фиксация, дәлел түк те жоқ. Көп жыл бойы прокуратурада адал еңбек еттім,құқық қорғау саласындағы кейбір адамдарға қатысты іс жүргізгем кезінде, маған жала жабылды. Мені қайткенмен де отырғызуға тырысып жатыр бұлар. Қазір қатты қиналып отырмын», — дейді айыпталушы Смадьярова.
Неге далел жок дейди, каншама адамдарды бар жогына карамай жанын кысып алган Адам Бир тури осы Адам, жолдасымды тексерип мазасын алып акша алган. Артында ештенеси жок таза Адам болса сотты кутип озин ортемейди го, Сол далелдер шыгып калама деп жаны шыгып журго,