Атырауда тілдер күні мерекесіне орай фестиваль өтті

A ayyinbyiz b rimiz... 3 Жаңалықтар

Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында облыстық тіл фестивалі өтті. Шараға облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма басшылары, мекеме, ірі кәсіпорын өкілдері, ардагерлер, тіл жанашырлары, түрлі этностар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

????????????????????????????????????

Фестивальдің шымылдығын ашқан Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Әсия Қыстаубаева қатысушыларды атаулы күнмен құттықтап, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасын Атырау облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Атырау облысы мемлекеттік мұрағатының басшысы Әбілсейіт Мұхтарға табыстады. Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрғали Аруев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды

«Довира» украин этномәдени бірлестігінен Светлана Петрова, Алена Пономаренко, «Татулық» татар этно-мәдени бірлестігінен Миляуша Фаттахова, Лиана Подрядчикова, «Светоч» славян этномәдени бірлестігінен Мәулен Рашева, «Тхоньил» корей этномәдени бірлестігінен Ли Тэ Ген, Валерия Афанасьева, «Таврос» армян этномәдени бірлестігінен Грета Габриэлян, Эрик Мартиросян, «Былина» орыс этномәдени бірлестігінен Марина Солодовникова, Әсем Асқарова, «Ынтымақ» өзбек этномәдени бірлестігінен Муаттар Әзизова, Мүнира Абдолхамитовалар облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың Алғыс хатын алып, мерейлері өсті.

????????????????????????????????????

Облыстық мәслихат депутаты Гүлнәр Сәдуақасова №15 мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Нәйлә Құмароваға, «Атырау» телеарнасының редакторы Эльвира Сәменоваға, «Атырау» телеарнасының редакторы Жұлдыз Қайратқызына, Атырау облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың инспекторы Назерке Адайбекқызына, Мақат аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Гүлім Абзалқызына Атырау облыстық мәслихатының Алғыс хатын табыстады.

Марапаттау рәсімі этномәдени бірлестіктер өнерін көрсеткен концертке ұласты.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз